Компания жаңалықтары

28 мамыр, 2014

Енді «Самұрық-Қазына» Қоры компанияларының сатып алуы туралы барлық мәліметтер бір ресурста – www.skm.kz қолжетімді болады

Еншілес және тәуелді компаниялардың сатып алуын жетілдіру жөніндегі саясатты іске асыру шеңберінде және ашықтық пен жариялылықты арттыру мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ Қорында www.skm.kz сатып алу бойынша жаңа тегін ақпараттық ресурс жұмыс істейді.

Осы ресурс бірыңғай ақпараттық алаң болып табылады, онда он-лайн режимінде Қор ұйымдарының сатып алуы туралы ең өзекті әрі объективті ақпарат орналастырылады: Қазақстан темір жолы, ҚазМұнайГаз, Қазатомөнеркәсіп, Самұрық-Энерго және т.б. компаниялар тобы.

Сайттың «Сатып алу» модулінде өткізілген немесе өткізілетін сатып алу туралы хабарландырулар, тендерлік құжаттамалар, қорытындыларды ашу және жүргізу хаттамалары, сондай-ақ сатып алудың барлық тәсілдері бойынша Қор компаниялары сатып алуының рәсімдеріне жалғастырылатын өзге де ақпарат орналастырылған: бір көзден, ашық тендер, бағалы ұсыныстар сұранымы және т.б. 

Енді өнім берушілердің Қор ұйымдарының 200-ден астам сайттарын қарап шығу қажеттілігі жоғалуда.

Тек осы сайтта, «Жоспарлар» модулінде Қордың 240-тан астам компаниясының жалпы сомасы  3 трлн.астам теңгеге және тауарлар, жұмыстар мен қызметтердегі шамамен 375 000 позициясына шоғырландырылған қажеттілігін қарап шығуға қол жеткізетін болады.  Сондай-ақ Қор компанияларының жылдық және ұзақ мерзімді жоспарларын  жүктеу мүмкіндігіне ие болады.

Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының (ТЖҚ БНА, сайтқа сілтеме http://enstru.skc.kz/ru/main.php) бірегей коды бойынша бірнеше секунд ішінде тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің қызықтырып отырған позициялары бойынша ақпарат алуы мүмкін.

Қажет болған кезде, пошта жәшігіне компанияның атауы, сатып алудың орны мен күні, бағасы, сипатталған өткізілген немесе жоспарланып отырған сатып алу туралы дереу хабарлама (мекенжайға жіберу) келеді. 

Порталда Қор компанияларының сатып алу мәселелері бойынша көптеген басқа да пайдалы әрі қызықты ақпарат ұсынылады: адал өнім берушілердің, отандық тауар өндірушілердің тізілімдері, сатып алу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер және т.б. 

Сізді Порталдың пайдаланушылары қатарына тіркелуге және қосылуға шақырамыз.